Categories Жайық news

Алматыда туысын пышақтап өлтірген күдікті ұсталды

Алматы қаласында кісі өлтіру фактісі бойынша ер адам ұсталды.

Желідегі ақпаратқа сәйкес, күдікті мен оның қайын атасы арасында туындаған жанжал барысында күдікті туысына бірнеше рет пышақ сұққан.

Алматы қаласы Полиция департаменті Медеу аудандық полиция басқармасы аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді.

— Күдікті қылмыс орнынан қашып кетпек болғанымен, «ізін суытпай» ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында қылмыстың тұрмыстық себептерге байланысты, екі ер адам арасындағы ауызша жанжал кезінде орын алғаны анықталды, — деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда автобус ішінде егде жастағы азаматты ұрған күдікті ұсталған болатын.

Ұқсас жазбалар

«Ауыл аманаты» ауылды дамытуға серпін беруде: Қаратөбе ауданында сүт өндірісінің ауқымы кеңейіп келеді

Ауыл кәсіпкерлігін қолдауға «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасы айрықша ықпал етуде. Мәселен, Батыс Қазақстан облысы…

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.