Categories Саясат

Жаңа Конституция білім беру жүйесінің даму бағытын айқындады

Сурет: Egemen Qazaqstan

Жаңа Конституцияның күшіне енуі ұлттық білім беру жүйесін дамытудың жаңа кезеңін айқындап, алғаш рет білім алушылардың негізгі құқықтарын мемлекеттің ең жоғары құқықтық деңгейінде бекітті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа Ата заң өскелең ұрпаққа қамқорлық жасауды мемлекеттің басым міндеттерінің бірі ретінде айқындап, оны тікелей әрі мызғымас конституциялық кепілдіктермен бекітеді. Конституцияның Кіріспесінде адами капиталды дамыту, білім беру, ғылым және инновациялар елдің стратегиялық басым бағыттары ретінде белгіленген.

Конституцияның 33-бабына сәйкес азаматтарға мемлекеттік оқу орындарында орта білімді тегін алу құқығына кепілдік беріледі. Сонымен қатар, білім беру сапасын қамтамасыз ету үшін мемлекет білім беру ұйымдарының меншік нысанына қарамастан, олардың қызметіне қойылатын жалпыға міндетті білім беру стандарттарын белгілейді.

Оқу-ағарту министрлігі құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған кешенді шараларды іске асырып жатыр. Жаңа оқу жылынан бастап мектеп бағдарламасына жаңа міндетті пәндер енгізіледі. 5-7 сынып оқушылары «Конституция негіздері» пәнін оқиды, ал 8-11 сыныптар үшін «Заң мен тәртіп» курсы енгізіледі. «Құқық негіздері» пәнінің мазмұны жаңартылып, бастауыш сынып оқушыларына арналған «Конституция әлеміне саяхат» атты иллюстрациялық оқу құралы әзірленді.

25 мамыр күні еліміздің барлық мектептерінде «Заң мен тәртіп – Конституция құндылықтарының негізі» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізілді. Аталған іс-шараға бір мезетте 3,9 миллионнан астам мектеп оқушысы қатысты.

Ұқсас жазбалар

«Әділет» партиясы облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

«Әділет» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалында конференция өтті. Оның қорытындысы бойынша филиал басшысы, Саяси кеңес…

Мемлекет басшысы әлем технологиялық жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басқанын айтты

✔️Президент жасанды интеллект жаһандық дамудың қозғаушы күшіне айналады деп санайды. – Мемлекеттің инвестициялық саясатында жасанды…

ОБРАЩЕНИЕ Центральной избирательной комиссии

УВАЖАЕМЫЙ ИЗБИРАТЕЛЬ! 23 августа 2026 года впервые в истории Республики Казахстан состоятся выборы депутатов Курултая.…