Қорғансыз шындық иелері

Журналистің үстінде бронежилет жоқ, бірақ батылдығы бар. Оның қолында қару емес — қалам мен микрофон ғана. Алайда дәл осы құралдар кейде ең қауіпті «қылмыс құралына» айналып кетеді.

Журналистер жалаңаш — себебі оларды қорғайтын заң бар сияқты, бірақ іс жүзінде сол заң көбіне биліктің жағында.
Олар әр репортажда, әр сұхбатта шындықты айтамын деп, өз мансабын, тіпті өмірін тәуекелге тігеді.

Қаржылай қолдау жоқ, құқықтық кепіл әлсіз, моральдық қысым көп. Бірақ соның бәріне қарамастан, олар үнсіз қалмайды. Өйткені журналистика – жай жұмыс емес, қоғамның көзін ашатын миссия.

Журналистердің жалаңаштығы – әлсіздік емес, ашықтықтың символы.
Олар биліктің, бизнестің, не бір топтың емес, халықтың алдында ғана есеп береді. Ал халық шындықты естігісі келген жерде журналист ешқашан жалғыз болмайды.

Бердалы Ораз

Ұқсас жазбалар

Сегодня в Казахстане отмечают День армейской авиации

Фото:gov.kz Сегодня, 29 декабря 2025 года, в Казахстане празднуется День армейской авиации. Профессиональный праздник ведёт…

Бүгін Қазақстанда Әскери авиация күні аталып өтуде

Сурет:gov.kz Бүгін, 29 желтоқсан 2025 жыл, Қазақстанда Әскери авиация күні мерекеленіп жатыр. Кәсіби мереке 1992…

БҚО-да спорт саласының үздіктері анықталды

Сурет:БҚО Әкімдігі Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы «Жалын – 2025» атауымен үздік…