Қазақстанда шілдеде ауа температурасы 50 градусқа дейін көтеріледі

Сурет: Egemen Qazaqstan

«Қазгидромет» мамандары шілде айына арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, биылғы шілде еліміздің көптеген өңірінде өте ыстық болады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Айдың орташа температурасы солтүстік және шығыс аймақтарда +18…+23 °C, ал оңтүстікте +28…+30 °C шамасында күтіледі. Алайда кей күндері ауа температурасы әлдеқайда жоғарылап, солтүстік пен шығыста +42…+43 °C-қа дейін, орталық, батыс және оңтүстік-шығыста +47…+48 °C-қа дейін көтерілуі мүмкін. Оңтүстік өңірлерде аптап ыстық +50 °C-қа жетеді деп болжануда.

Сонымен қатар, солтүстік және шығыс облыстарда түнгі уақытта ауа температурасы +5 °C-қа дейін төмендеуі ықтимал.

Синоптиктер шілде айы солтүстік Қазақстан үшін ең жауын-шашынды кезеңдердің бірі екенін атап өтті. Кей өңірлерде нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Тіпті бір тәулікте айлық жауын-шашын мөлшеріне тең жаңбыр түсуі мүмкін. Найзағай көбіне солтүстік, шығыс және таулы аймақтарда күтіледі. Ал оңтүстік-шығыстағы таулы жерлерде бұршақ жауу қаупі бар.

Мамандардың пікірінше, алдағы бес жыл адамзат тарихындағы ең ыстық кезеңдердің бірі болуы мүмкін. Ғалымдар болашақта миллиардтаған қала тұрғындары экстремалды ыстықтың әсерін сезінуі ықтимал екенін ескертуде.

Ұқсас жазбалар

3 шілдеде Астананың үш ауданында электр жарығы уақытша өшеді

3 шілдеде Астананың Алматы, Нұра және Сарыарқа аудандарында жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты электр жарығы уақытша…

Ыстанбұлдағы дәмханадан шыққан өрт орманға тарады

Ыстанбұлдағы Бұюкада аралындағы дәмханадан шыққан өрт орманға тарады. Өртке газ баллонының жарылуы себеп болған. 4…

Президент Cameco корпорациясының басшысын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысы аясында Cameco Corporation атқарушы директоры Тим…