Categories Жайық news

БҚО мен Қытай кәсіпкерлері 14 меморандумға қол қойды

БҚО мен Қытай кәсіпкерлері 14 меморандумға қол қойды,-деп хабарлайды Жайықмедиа.кз.

Батыс Қазақстан облысының делегациясы Қытайға жасаған үш күндік сапарын нәтижелі аяқтады. Іскерлік кездесулер қорытындысында 14 меморандумға қол қойылып, екіжақты ынтымақтастықтың жаңа кезеңі басталды.

Келісімдер өңдеу өнеркәсібі, жасыл энергетика, медицина, білім беру және сауда салаларын қамтиды. Делегация шағын және орта бизнес өкілдерінің ұсыныстарына да ерекше назар аударды. Нәтижесінде аймаққа алғашқы зауыт қондырғылары жеткізіліп, құрылыстың басталатыны белгілі болды.

Сонымен қатар Бейжің мен Нанкин қалаларында БҚО-ның инвестиция және сауда өкілдіктері ашылды. Бұл қадам қазақстандық кәсіпкерлерге қытайлық әріптестермен тікелей байланыс орнатып, бірлескен жобаларды жеделдетуге жол ашады.

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Қытайдың ірі компания басшыларымен жеке кездесті. Мәселен, жылдық табысы 4,5 млрд юаньнан асатын Beijing Jinyi Yuanfang холдингі БҚО-ның бірнеше саласына қаржы құюға келісті.

– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, біз өңдеу өнеркәсібіне инвестиция тартуға күш салып отырмыз. Барлық 14 жоба облыстың индустриалды аймағында жүзеге асады, – деді Нариман Төреғалиев.

Жаңа келісімдер Ақжайық өңіріне тың серпін беріп, инвестиция көлемін арттыруға ықпал етпек.

Ұқсас жазбалар

«Ауыл аманаты» ауылды дамытуға серпін беруде: Қаратөбе ауданында сүт өндірісінің ауқымы кеңейіп келеді

Ауыл кәсіпкерлігін қолдауға «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасы айрықша ықпал етуде. Мәселен, Батыс Қазақстан облысы…

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.