Categories Қаржы

Бизнесмендер мен экономистер министрдің салық реформасына қарсы шықты

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин әлеуметтік желіде Салық кодексіне қатысты жазба жариялады. Алайда бұл жазба бизнес иелері мен экономистердің ашуын тудырды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің реформасы кәсіпкерлердің көңілінен шықпады. Көпшілік жаңа салық жүйесін сынап, оны бизнесті қыспаққа алатын шара деп атады.

«Біздің талабымыз – шағын және орта бизнеске жеңілдік беру. Қазіргі ұсыныс керісінше, салық жүктемесін арттырып отыр», – дейді кәсіпкерлер.

Экономистер де министрдің бастамасына күмәнмен қарайды. Олардың пікірінше, мұндай реформа экономикалық өсімді тежеп, жұмыссыздықты арттыруы мүмкін.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда ипотека бойынша максималды мөлшерлеме өзгерді

Қазақстанда ипотекалық несиелер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті деңгейін есептеу тәртібі өзгерді. Енді ипотека…

Қазақстанға шетелден көлік әкелу және оны рәсімдеу тоқтатылды

Қазақстанда шетелден әкелінген жеңіл автокөліктерді кедендік рәсімдеуде қиындықтар туындады. Бұл мәселе 30 маусым күні кешкі…

Қазақстанда жерлеу рәсімдерінің құны 7,1%-ға өсті

Қазақстанда 2026 жылдың бірінші тоқсанында жерлеу рәсімдерінің құны 7,1%-ға өсті, ең жоғары өсім Ақтөбе облысында…