Алтын Орданың сырлы құжаттары алғаш рет Астанада көрмеге қойылды

Астанада өткен халықаралық ғылыми симпозиум аясында Алтын Ордаға қатысты мұрағаттық құжаттар алғаш рет жұртшылыққа ұсынылды. «Алтын Орда дала өркениетінің үлгісі ретінде: тарих, археология, мәдениет» атты шараға әлемнің 10 елінен 50-ден астам ғалым қатысты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Көрмеге қойылған құжаттар арасында Түркия, Иран, Ресей және Қытай мұрағаттарынан алынған сирек жәдігерлер бар. Олар Алтын Орданың дипломатиялық байланыстары мен сауда жолдары туралы бұрын белгісіз болған мәліметтерді ашады.

«Бұл құжаттар Алтын Орданың тек әскери күш қана емес, сонымен бірге дамыған мемлекеттік аппараты мен мәдениеті болғанын көрсетеді. Оларды зерттеу Қазақстан тарихының көптеген ақтаңдақтарын жоюға мүмкіндік береді», – деді симпозиум ұйымдастырушысы, тарих ғылымдарының докторы Ерлан Қарин.

Ғалымдардың айтуынша, Алтын Орданың мұрасын зерттеу – Қазақстанның тарихи санасын нығайтудағы маңызды қадам. Келесі кезеңде осы құжаттардың цифрлық көшірмелерін жасап, кеңінен тарату жоспарлануда.

Ұқсас жазбалар

Ыстанбұлдағы дәмханадан шыққан өрт орманға тарады

Ыстанбұлдағы Бұюкада аралындағы дәмханадан шыққан өрт орманға тарады. Өртке газ баллонының жарылуы себеп болған. 4…

Президент Cameco корпорациясының басшысын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысы аясында Cameco Corporation атқарушы директоры Тим…

Мемлекет басшысы AD Ports Group басшысын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев AD Ports Group басшысы Мұхаммед Әл-Шамисимен кездесіп, Каспий аймағының көлік-транзит әлеуетін кеңейту мәселелерін…