Categories Жайық news

6 миллион теңгеге үкімді жеңілдеткен: Қызылордада сот төрағасы ұсталды

Қызылорда облысында Қазалы аудандық сотының төрағасы Дәурен Әбдіқалықов ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды. Оны Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері арнайы операция барысында қолға түсірген, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Алдын ала мәлімет бойынша, судья биыл сотталушының жазасын жеңілдету үшін оның туыстарынан 6 миллион теңге алған. Осыдан кейін ол сотталушыға шартты жаза кескен.

Араға уақыт салып, сот төрағасы сол азаматты мерзімінен бұрын босату үшін тағы 300 мың теңге алғаны анықталды.

Қазіргі таңда аталған дерекке қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Топ-5 главных торговых партнеров Казахстана По итогам января-апреля 2026 года

внешнеторговый оборот Казахстана достиг 44,9 млрд $, увеличившись на 7,9% в номинальном выражении по сравнению…

ТЖМ су айдындары мен өрт қауіпсіздігі бойынша ескерту жасады

ТЖМ шомылу маусымында су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырып, өрт қауіпсіздігі бойынша да ескерту жасады.

Оралда Астана күніне орай көпшілік велошеру болды

Оралда Астана күні мерекесіне орай көпшілік велошеру ұйымдастырылды. Спорттың бұқаралығын арттыру және салауатты өмір салтын…