Categories Әлем

Ресейде үш қазақ мектебі ашылады: Лавров білім жаңалықтарын таныстырды

Қазақстан мен Ресей бірлесіп алты мектеп салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Лавровтың айтуынша, үш мектеп Ресейдің өзінде, ал қалған үшеуі Қазақстанда ашылады. Бұл жоба екі ел арасындағы білім саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

«Біз білім берудегі жаңа стандарттар мен технологияларды енгіземіз. Бұл мектептерде қазақ және орыс тілдерінде оқыту жүргізіледі», – деді Лавров.

Қазақстандық тарап бұл бастаманы қолдап, жобаны жүзеге асыру үшін тиісті құжаттарды дайындап жатыр. Мектептердің қай аймақтарда салынатыны әзірге белгісіз.

Ұқсас жазбалар

Мысыр шөлінен Византия дәуіріне жататын қала табылды

Мысырдың батыс шөліндегі Дахла оазисі маңынан археологтар Византия дәуіріне тиесілі қаланы ашты. Қазба жұмыстары кезінде…

АҚШ-та Тәуелсіздік күнінде 400-ден астам адам ұсталды

АҚШ-тың Ньюпорт-Бич қаласында Тәуелсіздік күні мерекесі кезінде 400-ден астам адам ұсталды.

Эболадан айыққан адамдар 6 ай бойы вирус тарата алады

Эбола безгегінен сауыққан адамдар вирусты 6 айға дейін таратуы мүмкін. Бұл туралы эпидемиолог Геннадий Онищенко…