Categories Қаржы

Қазақстанда зейнетақы реформасы: Сингапур үлгісінде баспана алу мүмкіндігі талқылануда

Сурет: Istockphoto.com

Қазақстанда зейнетақы жүйесін дамытудың жаңа сценарийі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Министрлік зейнетақы реформасын талқылауды жалғастырып жатыр, өйткені қосымша ұсыныстар түскен. Солардың қатарында Сингапур үлгісі де бар. Келесі аптада дәл осы нұсқа жан-жақты талқыланбақ.

Сингапур үлгісінде де жинақтаушы жүйе қарастырылған. Яғни азаматтар міндетті түрде зейнетақы жинағын қалыптастырады. Бірақ оның ерекшелігі – кейін сол қаражаттың есебінен тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік беріледі. Қазір сарапшылардың ұсыныстарын күтіп отырмыз. Олар түскен бойда жұмыс тобының қарауына енгіземіз, деді А. Ертаев Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін.

Ол зейнетақы жүйесіне қатысты ұсынылған барлық нұсқалардың ішінен ең оңтайлы, ортақ шешім таңдалып, соның негізінде зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту жөнінде түпкілікті шешім қабылданатынын айтты. Министр сондай-ақ бұған дейін «4+1» үлгісі мен сақтандыру моделінің талқыланғанын, ал 40 жылдық еңбек өтіліне қатысты ұсыныстың енді қаралмайтынын еске салды.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда интернет-алаяқтардан зардап шеккендерге 4,8 млрд теңге қайтарылды

Қазақстанда интернет-алаяқтықпен күрес күшейтіліп, биылғы жылдың басынан бері тіркелген киберқылмыстар саны 7 пайызға төмендеді. Бұл…

Қазақстанда ипотека бойынша максималды мөлшерлеме өзгерді

Қазақстанда ипотекалық несиелер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті деңгейін есептеу тәртібі өзгерді. Енді ипотека…

Қазақстанға шетелден көлік әкелу және оны рәсімдеу тоқтатылды

Қазақстанда шетелден әкелінген жеңіл автокөліктерді кедендік рәсімдеуде қиындықтар туындады. Бұл мәселе 30 маусым күні кешкі…