Categories Жайық news

Оралдық ұстаздар Президент қолынан мемлекеттік награда алды

Оралдық ұстаздар Президент қолынан мемлекеттік награда алды,-деп хабарлайды Жайықмедиа.кз.

Ұстаздар күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру саласына қосқан елеулі үлесі мен ерекше еңбегі үшін еліміздің бір топ педагогіне мемлекеттік марапат табыс етті.

Биылғы марапаттар тек мектеп мұғалімдеріне ғана емес, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ұстаздарына, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының педагогтеріне, педагогика саласының ардагерлеріне және ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін мұғалімдерге де берілді.

Марапат иелерінің қатарында батысқазақстандық педагогтер де бар. Атап айтқанда, Орал қаласындағы «№35 мектеп-лицейдің» мұғалімі Сәлима Әлиева «Ерен еңбегі үшін» медаліне, ал «Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ-нің тәрбиеші-анасы Шынар Хамзина да мемлекеттік наградаға ие болды.

Ұқсас жазбалар

Ата заңды өзгерту үшін: Тоқаев арнайы комиссия құру туралы Жарлыққа қол қойды

Президент Тоқаев Ата заңды өзгерту үшін арнайы комиссия құру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл –…

Данияр Әшімбаев: Биліктің жаңа комбинациясы басқарылмайтын наразылыққа әкелуі мүмкін

Саясаттанушы Данияр Әшімбаев президент мерзімі, вице-президент лауазымы және жаңа саяси реформалардың ықтимал қауіптеріне талдау жасады.

Марк Карни: «Әлемдік тәртіптің әдемі ертегісі аяқталды»

Белгілі қаржыгер Марк Карни Давостағы форумда әлемдік тәртіптің «ертегісі аяқталғанын» мәлімдеп, елдерді жаңа шындыққа дайындалуға…