Categories Әлем

«Оңтүстікте бітім жоқ»: Украина әскері күніне 20-дан астам шабуылды тіркеді

Украинаның оңтүстік әскери тобы ресми түрде жарияланған «бітімге» қарамастан, аймақта нақты тыныштық жоқ екенін мәлімдеді. Олардың айтуынша, тәулігіне 20-дан астам ұрыс қақтығысы тіркеліп отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Әскери өкілдердің сөзінше, ресейлік әскерлер атысты тоқтату режимін бұзып, позицияларды атқылауды жалғастыруда. Әсіресе түнгі уақытта шабуылдар жиілейді.

«Оңтүстікте ешқандай бітім жоқ. Біз күн сайын 20-дан астам әскери қақтығысты тіркейміз. Бұл – нақты жағдай», – деді Украина әскерінің өкілі.

Украина қорғаныс күштері бітімге қарамастан, Ресей армиясының жаңа шабуылдарға дайындалып жатқанын ескертті. Олар шепті нығайтып, қарсы әрекеттерді күшейтуде.

Ұқсас жазбалар

Қытайдың Лючжоу қаласында жер сілкінісі: екі адам қаза тапты

Қытайдың Лючжоу қаласында магнитудасы 5,2 болатын жер сілкінісінен екі адам қаза тапты, бірнеше адам жарақат…

Украинаның бірінші ханымына қатысты Ресейде іс қозғалуы мүмкін

Ресей БАҚ-та Елена Зеленскаяға қатысты қылмыстық іс қозғалуы мүмкін деген ақпарат пайда болды.

Қазақстандық оқушылар OIBO-2026 биология олимпиадасында бақ сынап жатыр

Қазақстан құрамасы OIBO-2026 халықаралық ашық биология олимпиадасына қатысып жатыр. Команда құрамында 6 оқушы мен жетекші…