Categories Жайық news

Оралда қала күніне орай «Әсем өлкем – Ақжайық» ән фестивалі өтті

Орал қаласында қала күні мерекесіне арналған әуенді кеш – «Әсем өлкем – Ақжайық» ән фестивалі ұйымдастырылды.

Абай алаңында өткен мерекелік шарада жергілікті ақындар мен композиторлар өз шығармаларын орындап, жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ән мен жыр арқылы Ақжайықтың тарихы, табиғаты мен туған жерге деген махаббат жырланды.

Кеш барысында Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов құттықтау сөз сөйлеп, тұрғындарға ізгі тілегін жеткізді:
«Бұл мереке – туған өлкеміздің тарихы мен бүгіні тоғысқан ортақ қуаныш. «Әсем өлкем – Ақжайық» фестивалі – өңіріміздің талантты ақындары мен композиторларының шығармашылығын дәріптейтін тағылымды шара. Осындай кештер жас буынды өнерге баулиды, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттырады. Баршаңызға мерекелік көңіл-күй, отбасыларыңызға амандық пен береке тілеймін», – деді қала әкімі.

Фестиваль соңында барлық өнерпаздар сахнаға шығып, ән-жыр кешін салтанатты түрде қорытындылады.

Ұқсас жазбалар

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ: BATYS AGROHUB ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ – БАРЛЫҚ АУДАНҒА ҮЛГІ БОЛАРЛЫҚ БЕРЕКЕЛІ БАСТАМА

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Бөрлі ауданына жұмыс сапары аясында Пугачево ауылындағы агробизнес орталығына барды. Batys…

АҚСАЙ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Ақсай қаласында толық жаңғыртылған «Қазақстан» теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нариман…

БҚО-ДА СЕМИГЛАВЫЙ МАР СТАНЦИЯСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Батыс Қазақстан облысындағы ең көне вокзал ғимараты сүріліп, жаңадан салынды. Тасқала ауданындағы Семиглавый Мар станциясының…