Categories Жайық news

Аяздың беті қайтады: «Қазгидромет» алдағы үш күнге арналған болжамын жариялады

12-14 наурыз аралығында Қазақстанның барлық облысында ауа райы біртіндеп жылынады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, соңғы күндері еліміздің солтүстік және шығыс аймақтары аяз әкелген суық антициклонның ықпалында болды. Алайда 12 наурыздан бастап республиканың бүкіл аумағында ауа температурасы біртіндеп көтеріле бастайды.

Болжамға сәйкес, елдің солтүстігінде ауа температурасы нөлден сәл жоғары болады. Ал оңтүстік өңірлерде 14 наурызға қарай күн +5…+10 градусқа дейін жылынады.

Синоптиктер бұған дейін наурыз айында ауа райы құбылмалы болатынын ескерткен еді. Жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын күтіледі: еліміздің солтүстік бөлігінде негізінен қар, ал батыс пен оңтүстікте жаңбыр мен жылбысқы қар жаууы мүмкін. Сондай-ақ қатты жел, бұрқасын, тұман және көктайғақ болуы ықтимал.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

ТЖМ су айдындары мен өрт қауіпсіздігі бойынша ескерту жасады

ТЖМ шомылу маусымында су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырып, өрт қауіпсіздігі бойынша да ескерту жасады.

6 шілдеде батыс өңірлерде аптап ыстық күтіледі

«Қазгидромет» болжамы бойынша, 6 шілдеде Қазақстан аумағында ауа райы тұрақсыз болады. Батыс өңірлерде 35-40 градус…

Батыс Қазақстан облысында Домбыра күні аясында 100-ден астам іс-шара өтті

Шілде айының алғашқы жексенбісінде Батыс Қазақстан облысы бүкіл елмен бірге Ұлттық домбыра күнін атап өтуде.…