Categories Жайық news

Астанада қалың қар жауып, бір түнде 45 жол апаты тіркелді

Астанада 5 ақпан күні кешке басталған жауын артынан қалың қарға ұласып, жолдарда көктайғақ орнады. Ауа райының қолайсыздығынан бірнеше сағат ішінде қала аумағында 45 жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Елорда полициясы жүргізушілерге ескерту жасап, жолда аса мұқият болуға, белгіленген жылдамдық режимі мен арақашықтықты қатаң сақтауға шақырды.

«Қала сыртына шығудан бас тартуға кеңес береміз. Қолайсыз ауа райына байланысты қала сыртындағы тасжолдарда қозғалыс ішінара шектелді. Жаяу жүргіншілер де сақ болуы керек. Көшені белгіленген жерден кесіп өтіп, жарық шағылыстыратын элементтерді пайдаланған жөн. Жолдан өткен кезде құлаққапты шешіп, телефонмен сөйлесуді тоқтата тұрған абзал», – делінген құқық қорғау органдарының хабарламасында.

Тәртіп сақшылары жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол ережесін бұзбауға үндеді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

ТЖМ су айдындары мен өрт қауіпсіздігі бойынша ескерту жасады

ТЖМ шомылу маусымында су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырып, өрт қауіпсіздігі бойынша да ескерту жасады.

6 шілдеде батыс өңірлерде аптап ыстық күтіледі

«Қазгидромет» болжамы бойынша, 6 шілдеде Қазақстан аумағында ауа райы тұрақсыз болады. Батыс өңірлерде 35-40 градус…

Батыс Қазақстан облысында Домбыра күні аясында 100-ден астам іс-шара өтті

Шілде айының алғашқы жексенбісінде Батыс Қазақстан облысы бүкіл елмен бірге Ұлттық домбыра күнін атап өтуде.…