Categories Жайық news

Қазақстан 2,2 млрд доллар шығыннан кейін мұнай экспорты үшін маңызды шешім қабылдады

Энергетика министрі Ерлан Әккенженов Каспий құбыр консорциумы (КҚК) үшін екі жаңа жылжымалы айлақтық құрылғы (ЖАҚ) сатып алынатынын мәлімдеді. Бұл қадам бұған дейінгі апаттардан туындаған миллиардтаған доллар шығынның алдын алуға бағытталған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Qazaq Expert Club сарапшысы Саида Тілеуленова бұл шешімнің елдің экономикалық қауіпсіздігі үшін қаншалықты маңызды екенін түсіндірді.

«Қазақстан мұнай экспортының негізгі бөлігі, яғни 80%-ға жуығы осы ЖАҚ арқылы өтеді. Бұрынғы оқиғаға дейін терминал екі жұмыс істейтін және бір резервтегі құрылғы схемасымен жұмыс істеген. Бір құрылғының істен шығуы жүйенің өткізу қабілетін айтарлықтай төмендетіп, тұрақтылық резервін жойды», – дейді сарапшы.

ҚР Энергетика министрлігінің дерегінше, бұрынғы ақаулардан келген шығын көлемі шамамен 3,8 млн тонна мұнайды құраған. Егер мұнайдың орташа бағасы барреліне 80 доллар болғанын ескерсек, бюджет шамамен 2,2 млрд доллар кірістен қағылған. Бұл Қазақстанның жылдық мұнай экспортының 3-4 пайызына немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 1 пайызына тең.

Мұның экономикалық зардаптары қазірдің өзінде нарықтан байқалады: танкерлерді сақтандыру сыйақысы өсіп, логистикалық шығындар артты және қазақстандық мұнай бағасындағы геосаяси «үстемеақы» көбейді.

Сарапшының пікірінше, КҚК – жай ғана инфрақұрылым нысаны емес, бұл – Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігінің шешуші нүктесі. Оның айналасындағы кез келген тұрақсыздық елдің жаһандық энергетика нарығындағы келіссөздер позициясын әлсіретеді.

Қысқа мерзімде жаңа құрылғыларды сатып алу – дағдарысқа қарсы дұрыс шешім. Алайда, орта және ұзақ мерзімді перспективада бұл оқиға Қазақстан үшін экспорттық бағыттарды әртараптандыруды жеделдету және теңіз инфрақұрылымының қауіпсіздігі бойынша халықаралық үйлестіруді күшейту қажеттігін көрсетіп отыр.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Как студенты в Уральске осваивают искусственный интеллект

В Уральске на площадке регионального хаба Batys Hub прошло образовательное мероприятие AI Study Boost, направленное…

ЗКО: в новом микрорайоне «Акжайык» планируется строительство школы на 1500 мест

ЗКО: в новом микрорайоне «Акжайык» планируется строительство школы на 1500 мест   Вчера состоялось очередное…

Түркияда қазақстандықты басынан атып өлтірді: қылмыс сәті видеоға түсіп қалған

Түркияның Ыстамбұл қаласында курьер болып жұмыс істеген қазақстандық азаматты атып кетті. Күдікті ретінде екі Грузия…