Categories Әлем

Трамп Иранға «өте күшті соққы» жасайтынын мәлімдеді

Сурет: Egemen Qazaqstan

АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон уақыты бойынша 11 маусым кешінде Иранға қуатты соққы жасайтынын хабарлады. Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Трамптың айтуынша, Иранның әскери-теңіз және әскери-әуе күштері, радарлары, әуе қорғанысы жүйелері және басқа да қорғаныс құралдары, сондай-ақ шабуылдау әлеуетінің көп бөлігі «қазірдің өзінде жойылған».

Сонымен қатар, АҚШ президенті жақын арада Иранның мұнай инфрақұрылымы мен мұнай-газ нарығын бақылауға алатынын мәлімдеді. Ол Харк аралын және басқа да мұнай нысандарын бақылауға алып, Иранның мұнай-газ нарығына толық бақылау орнататынын айтты. Трамп бұл тәсілді Венесуэлада қолданғанын және оның екі жаққа да тиімді болғанын атап өтті.

АҚШ пен Иран арасында сәуір айында жасалған бітім келісіміне қарамастан, шиеленіс әлі де жалғасуда. Тегеран Израильдің Ливанға шабуылдары жалғасса, келісімнен шығуы мүмкін екенін ескерткен. Одан кейін тараптар қайтадан өзара соққылармен алмаса бастады.

Ұқсас жазбалар

Әзербайжандық 63 жастағы әйел алғаш рет ана атанды

63 жастағы Әзербайжан тұрғыны табиғи жолмен дені сау сәбиді дүниеге әкелді. Ол шамамен 38 жыл…

Астанаға 2025 жылы 1,6 миллион турист келген

2025 жылы Астанаға 1,6 миллион турист келген, оның 380 мыңнан астамы шетелдік. 2026 жылдың бірінші…

Франциядағы Lalique шыны музейі тоналды, шығын 4 миллион еуро

Францияның солтүстік-шығысындағы Lalique шыны музейіне қарақшылық шабуыл жасалды. Қаскөйлер бірнеше миллион еуро тұратын зергерлік бұйымдарды…