Қазақ қазаққа жау

Қазақтың ең ауыр дерті – сыртқы жаудан емес, ішкі алауыздықтан басталған. Тарихқа үңілсек, талай жеңіліс пен күйреудің түп-тамырында өзара бақталастық, көреалмаушылық, бірін-бірі сатушылық тұрған. «Бас-басына би болған өңкей қиқым» деген Абай сөзі ғасырлар өтсе де маңызын жоғалтқан жоқ.

Қазақ қазаққа жау болған сәт – ұлт әлсіреген сәт. Бізді құртқан қару емес, қызғаныш. Туысының табысын көре алмайтын, ағайынын өсекпен сүріндіретін, бірінің жетістігіне бірі қуанбайтын қоғам – рухани тұрғыда жеңілген қоғам.

Бірі байып, бірі күйіп жатқанда, бірі мансап қуып, бірі намыс ұмытқанда – ұлттың іргесі сөгіледі. Бір-бірімізге әділетпен емес, есеппен қарау – осының дәлелі. Қазақтың жауы қазақ болса, онда сыртқы жаудың қажеті жоқ.

Бізге енді бірлік пен әділдік керек. Біріміздің қуанышымыз – бәріміздің қуанышымызға, біріміздің қателігіміз – бәріміздің сабаққа айналуы тиіс. Өзара сыйластықсыз елдің болашағы жоқ.

Қазақ қазаққа дос болған күні ғана – ұлт биіктейді. Бірлік – ұран емес, ұлттың тірі қалу шарты.

Бердалы Ораз

Ұқсас жазбалар

БҚО-да соңғы үш жылда 121 әлеуметтік нысан салынды  

2023–2025 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысында әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Осы кезеңде…

Мемлекет басшысы Жаңа жылда қандай бастамалар мен үндеулер жолдады?

Президент Жаңа жылдық жолдауында ұлттық бастамалар мен жастарға арналған үндеулерін жариялады.

Сегодня в Казахстане отмечают День армейской авиации

Фото:gov.kz Сегодня, 29 декабря 2025 года, в Казахстане празднуется День армейской авиации. Профессиональный праздник ведёт…