Categories Жайық news

Көк байрағымыз – әлемдегі ең әдемі: Халықаралық жарыста топ жарды

Reddit әлеуметтік желісінің қолданушылары Қазақстан туын әлемдегі ең әдемі байрақ деп таныды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Желіде «Flags of the World Tournament» атты онлайн-турнир өтті. Онда пайдаланушылар әлем елдерінің мемлекеттік рәміздері арасынан ең үздігін дауыс беру арқылы анықтады.

Жарыс олимпиадалық жүйе бойынша ұйымдастырылған. Алғашында елдер географиялық топтарға бөлініп, кейін жеңімпаздар келесі кезеңге өтіп, жеңілгендер жарыстан шығып отырды.

Нәтижесінде қазақстандық көк байрақ барлық қарсыласынан басым түсіп, бірінші орынды иеленді. Екінші орынға Кирибати, ал үшінші орынға Бутан мемлекетінің тулары лайық деп танылды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Астанада кәсіпкерден 80 млн теңге бопсалаған адвокат ұсталды

Астанада құрылыс компаниясының басшысынан 80 млн теңге бопсалаған адвокат пен оның серігі ұсталды.

Ақсу маңындағы понтон көпір қайта суға батты

Ақсу қаласының маңындағы Көктас ауылында понтон көпір қайта суға батып, төрт ауыл тұрғыны көпірсіз қалды.…

Арал-Сырдария инспекциясы «Таза су айдындары» акциясының қорытындысын шығарды

Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы аймақта өткен «Таза су айдындары» және «Уылдырық-2026» акцияларының нәтижелерін…