Categories Жайық news

Оңтүстік Корея: Экс-президентті өлім жазасына кесуді талап етті

Оңтүстік Корея прокуратурасы елдің бұрынғы президенті Юн Сок Ёльді өлім жазасына кесуді сұрады. Оған «мемлекеттік құрылысты бұзу мақсатында бүлік ұйымдастырды» деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

«Ренхап» агенттігінің хабарлауынша, айыптаушы тарап Юн Сок Ёльдің 2024 жылдың желтоқсанында соғыс қаупі болмаса да, елде әскери төтенше жағдай жариялағанын алға тартады.

Сол кезде Юн бұл қадамды «мемлекетке қарсы» оппозициядан қорғану үшін жасағанын, себебі олар үкімет жұмысын тоқтатқанын мәлімдеген. Алайда әскери жағдай бірнеше сағаттан кейін-ақ жойылды.

Кейін парламент екінші талпыныста президентке импичмент жарияласа да, оны қызметінен біржола Конституциялық сот қана шеттете алды.

Юн Сок Ёль өзіне тағылған айыпты мойындамады. Оның әйелі де қамауға алынған. Мемлекеттік төңкеріс жасауға бағытталған сәтсіз әрекет Оңтүстік Кореяда ауқымды саяси дағдарысқа әкелді.

Нәтижесінде 2025 жылдың жазында өткен кезектен тыс президент сайлауында оппозициялық Демократиялық партияның кандидаты Ли Чжэ Мён жеңіске жетті.

Ұқсас жазбалар

Бастапқы әскери дайындық пәні педагогтеріне арналған әдістемелік жиын ұйымдастырылды

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен 20-21 мамыр күндері бастапқы әскери…

ҚАЗАҚСТАН–КОРЕЯ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ: БҚО-ДА КЕЗЕКТІ ТЕЛЕМЕДИЦИНА КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ  

Орал қаласында алғаш рет «Жасанды интеллект негізіндегі зияткерлік телемедицина» атты Қазақстан–Корея халықаралық симпозиумы өтті. Ауқымды…

Степногорда 50 жылдық жылу құбырлары ауыстырылады

Степногорда 1973 жылы іске қосылған жылу магистралінің тозған құбырлары ауыстырылады. Әкімдік жөндеу жұмыстарын бастауға дайындалып…