Актриса Гүлбаушан Тілеубекова ажырасу себебін ашық айтты

Актриса Гүлбаушан Тілеубекова ажырасу себебін ашық айтты,-деп хабарлайды Жайықмедиа.кз.

Белгілі актриса Гүлбаушан Тілеубекова алғаш рет отбасылық өміріндегі сырын ашты. Ол «Алғашқы» бағдарламасына берген сұхбатында күйеуімен ажырасуына басты себеп болған жайтты айтып берді, деп хабарлайды Халық Үні.

Актрисаның сөзінше, шаңырақтың шайқалуына енесімен арадағы түсініспеушілік түрткі болған:

«Мықты жігіт, зергер еді. Біз аз тұрдық. Қызым кішкентай кезінде ажырастық. Енем маған: «Әртіс болма, мұғалім бол» деді. Мен: «Әке-шешем 7 жыл оқытты, қалай боламын? Мен сахнаға шығуым керек» дедім. Бірақ ол кісі: «Сен шықпа, болмайды» деп үзілді-кесілді айтты. Былайша айтқанда, енем бізді ажыратты», – деді Гүлбаушан Тілеубекова.

 

Актрисаның айтуынша, оның өнер жолын таңдауы мен сахнаға деген махаббаты отбасы үшін басты кикілжіңге айналған.

Ұқсас жазбалар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Астана — егемен еліміздің жүрегі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана күніне арналған құттықтауында елорданы егемен еліміздің жүрегі деп атады.

Үлкен Алматы каналы кешенді реконструкциядан өтеді

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Алматы облысына жұмыс сапарымен барып, ірі су шаруашылығы…

Астана күнінде 60 қосымша автобус жолаушыларға қызмет көрсетеді

6 шілде күні Астанада өтетін Open Air концертінен кейін тұрғындар мен қала қонақтары үшін 60…