Categories Жайық news

Ауа райы: Астанада 32 градус аяз, ал Алматы мен Шымкентте жаңбыр

«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстанның ірі қалаларында алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. Елордада қатты аяз күтілсе, оңтүстік қалаларда жауын-шашын болады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Астана

22 ақпанда күн құбылмалы, мезгіл-мезгіл қар жауып, боран соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -11…-13°С, күндіз -3…-5°С болады.

23 ақпанда да қарлы боран сақталады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде де, күндіз де -15…-17°С шамасында болады.

24 ақпанда жауын-шашын тоқтайды, бірақ аяз күшейеді. Солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы бәсеңдейді. Ауа температурасы түнде -30…-32°С дейін төмендеп, күндіз -23…-25°С аяз болады.

Алматы

22 ақпанда жауын-шашынсыз, күн ашық болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде -1…-3°С, ал күндіз +9…+11°С дейін жылынады.

23 ақпанда күн бұлыңғыр, күндіз жаңбыр жаууы ықтимал. Түнде және таңертең тұман сақталады. Ауа температурасы түнде 0…-2°С, күндіз +8…+10°С болады.

24 ақпанда түнде қар, ал күндіз жаңбыр аралас қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Жолдарда көктайғақ болады. Түнде және таңертең қаланы тұман басады. Ауа температурасы түнде -3…-5°С, күндіз +2…+4°С шамасында.

Шымкент

22 ақпанда жауын-шашынсыз, ашық күн. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +1…+3°С, күндіз +12…+14°С жылы болады.

23 ақпанда да күн жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8-13 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 0…-2°С, күндіз +10…+12°С болады.

24 ақпанда күн бұлыңғыр, күндіз жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман сақталады. Ауа температурасы түнде 0…-2°С, күндіз +9…+11°С болады.

Ұқсас жазбалар

«Ауыл аманаты» ауылды дамытуға серпін беруде: Қаратөбе ауданында сүт өндірісінің ауқымы кеңейіп келеді

Ауыл кәсіпкерлігін қолдауға «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасы айрықша ықпал етуде. Мәселен, Батыс Қазақстан облысы…

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.