Categories Жайық news

Орал қаласының әкімі Круглоозерный кенті тұрғындарымен кездесті

Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов Круглоозерный кентінің тұрғындарымен кездесіп, олардың өзекті мәселелерін талқылады. Кездесу ашық форматта өтті — тұрғындар жол жөндеу, спорт кешенінің құрылысы, иесіз иттер, газбен қамту, абаттандыру және ағаштарды кесу мәселелерін көтерді.

Әкім мен жергілікті билік өкілдері барлық сұрақтарға нақты жауап беріп, көтерілген мәселелердің кезең-кезеңімен шешілетінін айтты. Байменовтың айтуынша, кентте биыл жол жөндеу мен абаттандыру жұмыстары жалғасады, ал спорт кешенінің құрылысы жеке инвесторлардың қолдауымен басталмақ.

Қазіргі уақытта кентте 250 орындық Мәдениет үйі жеке инвестиция есебінен салынуда, нысанды келесі жылы аяқтау жоспарланған. Бұған қоса, биыл Атамекен шағынауданында «Алсиеуов» жеке кәсіпкерлігі авторлық жоба негізінде «Мәдени ұлттық алаң» салып, оны пайдалануға берді.

Круглоозерный мен Серебряков ауылдарында балалар ойын алаңдарын қалпына келтіру және жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жыл соңына дейін Круглоозерный кентіндегі Мәдениет үйі мен ұлттық саябақ аумағына өрнектас төселіп, Серебряков ауылындағы Жеңіс көшесіне асфальт төсеу аяқталады. 2026 жылы Еңбекші, Мамыр, Думан және Шырайлы көшелерінде де жол салу жоспарланған.

Бұл шаралар Круглоозерный кенті мен оған қарасты ауылдардың инфрақұрылымын жақсартып, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған. Кездесу соңында қала әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, өтініштерін тыңдады.

Ұқсас жазбалар

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ: BATYS AGROHUB ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ – БАРЛЫҚ АУДАНҒА ҮЛГІ БОЛАРЛЫҚ БЕРЕКЕЛІ БАСТАМА

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Бөрлі ауданына жұмыс сапары аясында Пугачево ауылындағы агробизнес орталығына барды. Batys…

АҚСАЙ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Ақсай қаласында толық жаңғыртылған «Қазақстан» теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нариман…

БҚО-ДА СЕМИГЛАВЫЙ МАР СТАНЦИЯСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Батыс Қазақстан облысындағы ең көне вокзал ғимараты сүріліп, жаңадан салынды. Тасқала ауданындағы Семиглавый Мар станциясының…