Categories Жайық news

Алматы облысында қарақшылар 8 жылқыны атып, етін алып кеткен

Алматы облысында белгісіз қарақшылар үйір-үйір жылқыны мылтықпен атып, адамдардың малын баудай түсірді. Ең сорақысы — полиция оқиға орнына сегіз сағат өткен соң ғана жеткен, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Қанды оқиға Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Бәйдібек би ауылының маңында болған. Қожалық иесі Қизат 43 жылқыны кешке қора маңына әкелген. Бірақ түн ішінде мылтықпен қаруланған ұрылар төрт жылқыны атып өлтіріп, етін сойып алып кеткен. Тағы төрт жылқы оқ тиіп, жаралы күйінде қалған.

«Түнгі 18:00-де жылқыны әкеліп, сиыр мен қойға шөп беруге кеткенмін. Қайтып келсем, жылқыны жол бойына қууға алып шығып, оқ жаудырыпты. 4 жылқыны сойып, тек етін алып кетіп, терісі мен басын тастап кеткен. Қалған төртеуі қансырап, қорада тұр», — деді Қизат.

Ауыл халқы полицияны келесі күні таңғы сағат 11-де шақырған. Алайда жедел тергеу тобы кешкі 18:00 шамасында ғана жеткен. Куәгерлердің айтуынша, тәртіп сақшылары тергеуге аса құлық танытпаған.

«Тергеушілер қараңғы түскенде ғана келіп, түсініктеме жазғызумен әлек болды. Ұрылардың артында қалған оқ, темекі тұқылы мен ыдыс секілді айғақтар болды. Бірақ олардың қимылын байқамадық. Жылқымыздан айырылып, мал бағуға да қорқатын болдық», — деді шаруашылық иесі.

Қарақшылардың бұл әрекеті бүтін ауылды сескендіріп қойды. Халық малын жайылымға шығаруға қауіптеніп отыр. Ал тергеу органдары оқиға бойынша нақты қадам жасамаған.

 

View this post on Instagram

 

A post shared by Zhaiyqmedia.kz (@zhaiyqmedia)

Ұқсас жазбалар

A powerful black and white image of a boxer throwing a punch, showcasing strength and focus.

Бокстан ұлттық құрама: Екі дүркін әлем чемпионын дайындаған маман келді

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасына жаңа бас бапкер тағайындалды. Қайрат Сәтжановтың орнына Санжар Тәшкенбайдың жеке бапкері…

Несиеңізді банк «үнсіз» кешіре салмайды: Қазақстандықтарға маңызды ескерту жасалды

Қаржы нарығын реттеу агенттігі банктердің несиені жаппай кешіріп жатқаны туралы қауесетті жоққа шығарды. Төлем жасау…

Toy houses on a detailed map of Greenland, highlighting geographic features. Ideal for travel concepts.

Трамп Гренландия туралы: «Аралды жеңіл немесе қиын жолмен аламыз»

АҚШ президенті Дональд Трамп Гренландияны Ресейден қорғау үшін оны иелену керек екенін айтты. Вашингтон аралды…