Categories Қаржы

Жалған схемамен алынған декреттік төлемдер мемлекетке қайтарылады

Сурет: istockphoto.com

Қазақстанда заңсыз схемалар арқылы декреттік төлем алған әйелдер қаражатты қайтаруға міндеттеледі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Министрлік мәліметінше, мамыр айының соңында декреттік төлем алу үшін жалған жұмысқа орналасу бойынша еліміздің 13 өңірінде 38 қылмыстық іс қозғалған. Мыңнан астам әйел іс фигуранты ретінде танылып, тоғыз іс бойынша сот үкім шығарған.

Ресми мәлімет бойынша, бүгінгі таңда мемлекетке келтірілген шығын көлемі шамамен 3 млрд теңгені құрайды.

Әйелдердің сенімін пайдаланып, заңсыз схемаларға тартқан тұлғаларға баса назар аударылып отыр. Қазіргі таңда дәл осы адамдарға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, — деді Виктория Шегай.

Сонымен қатар ол заңсыз төлем алған әйелдердің мемлекетке қаражатты өтеуге міндетті екенін атап өтті. Вице-министрдің сөзінше, заңнамада рақымшылық жасау арқылы бұл міндеттемеден босату мүмкіндігі қарастырылмаған.

Ұқсас жазбалар

Премьер-министр мұнай өнімдері нарығындағы жағдайды талқылады

Премьер-министр Олжас Бектенов мұнай өнімдері нарығындағы ахуалды талқылау үшін жауапты министрліктер мен құқық қорғау органдарының…

Қазақстанда телефон мен SIM-картаны ресми рәсімсіз беруге тыйым салынды

Қазақстанда мобильді нөмірлер мен телефон құрылғыларын қолдануға қатысты жаңа заң ережелері күшіне енді. Енді телефонды…

Әлеуметтік желідегі алаяқтық: 3 млн теңге иемденген күдікті ұсталды

Түркияда ұсталған алаяқтыққа күдікті азамат Қазақстанға депортацияланды. Ол 2024 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында әлеуметтік желілер арқылы…