БҚО әкімі облыс тұрғындарын Құрбан айт мерекесімен құттықтады

БҚҚадірлі батысқазақстандықтар!

​Исі мұсылман қауымы үшін ұлық мейрам болып табылатын Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Елімізде Құрбан айт ресми мейрамдардың қатарында. Бұл мемлекетіміздің дәстүрлі дінімізге, Исламға көрсетілген үлкен құрметі екені белгілі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, Құрбан айт — асыл дініміз бен салт-дәстүріміздің сабақтастығын бекемдеп, рухани құндылығымыздың ажырамас бөлігіне айналған қастерлі мейрам. Ол тарихымызбен тамырлас, танымымызбен өзектес, Қазақстан халқын бейбітшілік пен татулыққа, өзара сыйластыққа, береке-бірлікке үндейді. Имандылық пен парасаттылықты, жасампаздық пен мейірімді дәріптеп, жақсылыққа жол ашады.

Бұл күні отбасы мен туған-туысты, тамыр-таныстарымызды құттықтап, бәріне жылы сөйлеп, елді бірлікке шақыратын амалдардың қатарындағы игі іс болып саналады.

Ендеше қасиетті Құрбан айт күндері жасаған дұға-тілектеріңіз бен әрбір игі істеріңіз қабыл болсын.

Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге береке тілеймін. Қашан да отандастарымыздың мерейі үстем болсын!

Айт қабыл болсын!

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда Вице-президент лауазымы енгізіледі – Президент заңға қол қойды

Мемлекет басшысы 2026 жылдың 15 наурызында қабылданған Конституция ережелерін іске асыру үшін конституциялық заңдарға қол…

Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен келді

Мемлекет басшысы театрдың дамуы ел мәдениетінің деңгейін көрсететін маңызды көрсеткіш екенін атап өтті.

Астанада 2030 жылға дейін 197 апатты үйдің мәселесі шешіледі

Астана мәслихаты тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасын бекітті. 2030 жылға дейін 197 апатты үйдің мәселесі шешіледі.