Categories Әлем

Францияда аптап ыстықтан өлім-жітім мың жағдайға артты

Сурет: My de Sortiraparis

Францияда бірнеше күнге созылған аптап ыстық салдарынан өлім-жітім көрсеткіші болжанған деңгейден шамамен мың жағдайға артты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Францияның қоғамдық денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық агенттігі (Santé publique France) 23 маусымнан бері тәуліктік өлім-жітім көрсеткіші айтарлықтай өскенін мәлімдеді.

«23 маусымнан бері күн сайынғы өлім-жітім көрсеткіші артып келеді. Өлім санының ең жоғары өсімі қауіптің «қызыл» деңгейі жарияланған өңірлерде, әсіресе өз үйінде қайтыс болған адамдар арасында тіркелді», – делінген агенттік хабарламасында.

Алдын ала мәлімет бойынша, 24 маусымда елде барлық себеп бойынша 1200-ден астам адам қайтыс болған. Ал 25 және 26 маусым күндері бұл көрсеткіш 1400-ден асты. Салыстыру үшін сәуір мен мамыр айларында тәулігіне орта есеппен 900-1000 өлім тіркелген.

Ведомствоның мәліметінше, 24 маусымнан бері өткен айлардағы көрсеткішпен салыстырғанда шамамен мыңға жуық артық өлім жағдайы тіркелген.

Өлім-жітімнің өсуі Иль-де-Франс, Жаңа Аквитания, Бретань, Орталық – Луара аңғары, Нормандия және Пеи-де-ла-Луар өңірлерінде ерекше байқалған.

Агенттік аптап ыстықтың салдары барлық жас санатына әсер еткенін атап өтті. Дегенмен тіркелген өлім жағдайларының 85 пайызы 65 жастан асқан азаматтарға тиесілі.

28 маусымда Францияның көптеген өңірінде ауа температурасы 40°C-тан асқан бірнеше күндік аптаптан кейін ыстық біршама бәсеңдеді. Météo-France мәліметінше, Парижде ауа температурасы 29°C-қа дейін төмендеген.

Ұқсас жазбалар

ІІМ: 2024 жылдың алты айында 7 тоннадан астам есірткі тәркіленді

ІІМ биылғы алты айда 7 тоннадан астам есірткі тәркіленгенін, 15 зертхана мен 6 қылмыстық топтың…

Қытайдағы қазақ дәрігер «1 шілде» орденімен марапатталды

Бейжіңде Қытай Коммунистік партиясының 105 жылдығына арналған салтанатты шарада қазақ дәрігер Оқас Сүлеймен «1 шілде»…

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тапты

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тауып, жеті адам хабарсыз кетті. Тасқын Аккра мен бірнеше…