Нұрай Серікбай ісі: тергеуде жаңа күдіктілер анықталған жоқ

Нұрай Серікбайдың қайғылы өліміне қатысты тергеу барысында әзірге жаңа күдіктілер пайда болған жоқ. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Мәжілістегі кулуарларда мәлім етті.

Қазіргі уақытта іс бойынша жаңа күдіктілер анықталған жоқ. Тергеу жалғасуда, барлық қажетті шаралар қабылдануда, – деді Әділов.

Оқиға Батыс Қазақстан облысында болған. Нұрай Серікбайдың өлімі жұртшылықтың назарын аударып, құқық қорғау органдарының жұмысына сұрақ туғызған еді. Алайда министр орынбасарының айтуынша, тергеу барысында ешқандай кідіріс жоқ, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Нұрай Серікбайдың өліміне күдікті ретінде бір адам ұсталған болатын. Қазір ол қамауда отыр. Тергеу амалдары жалғасуда.

Ұқсас жазбалар

Теміртауда бесқабатты үйде өрт шығып, 7 бала құтқарылды

Теміртауда бесқабатты үйде өрт шығып, ТЖМ бөлімшелері 13 адамды, оның ішінде 7 баланы құтқарды.

Астанада көлік жарылысынан зардап шеккен адам қайтыс болды

Астанада көліктегі газ баллонының жарылуынан зардап шеккен адам көз жұмды. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық…

Аида Балаева кітапхана қызметіне терең талдау жүргізуді тапсырды

Аида Балаева кітапханалардың қызметіне жан-жақты талдау жүргізуді тапсырды. Бұл жұмыс кітапхана инфрақұрылымы мен ғимараттарының жай-күйін,…