Сурет: Ашық дереккөз (архив)
Мексикалық әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес Египеттің Гиза қаласында өткен бокс кешінде Қазақстанның атақты боксшысы Геннадий Головкиннің рингке қайта оралуы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Канело Головкиннің кәсіби бокстағы болашағына қатысты сұраққа жауап берді. Ол Головкинді құрметтейтінін айтып, егер ол рингке қайта оралса, бұл бокс әлемі үшін үлкен оқиға болатынын атап өтті.
«Геннадий – керемет боксшы. Оның рингке қайтуы жанкүйерлер үшін үлкен қуаныш. Бірақ бұл шешімді тек өзі қабылдауы керек», – деді Канело.
Головкин соңғы рет 2022 жылы қыркүйекте Канеломен үшінші жекпе-жегін өткізіп, ұпай санымен жеңіліп қалған еді. Содан бері ол рингке шықпаған. Қазір 42 жастағы қазақстандық боксшының мансабын жалғастыру немесе аяқтау туралы ресми мәлімдемесі жоқ.

