Categories Жайық news

Киік дипломатиясы: Енді Өзбекстанға 500 киік беріледі

Фото: t.me/ekolog.uz

Қазақстаннан 500 киік Өзбекстан аумағына көшірілмек. Бұл бастаманы Өзбекстан Республикасының экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі жөніндегі министрлігі көтерген. Жоба аясында сирек кездесетін жануарлардың бір бөлігі көрші елге жеткізіліп, жаңа ортаға бейімделуі бақыланатын болады.

Өзбекстан экология министрі Азиз Абдухакимов бұл туралы былай деп түсіндірді:

«Қазақстан Республикасының Экология министрлігімен бірлесіп, біз 500 жас киікті Өзбекстанға көшіруді жоспарлап отырмыз. Мамандар олардың жергілікті табиғи жағдайға бейімделуін зерттейді. Бұл — осы сирек жануар түрін сақтау жолындағы маңызды қадам».

Айта кетейік, киік Өзбекстанның Қызыл кітабына және Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл тізіміне жойылу қаупі төнген түр ретінде енгізілген. Бұл жануарлар Өзбекстанда негізінен Қарақалпақстандағы Үстірт жонында, Арал теңізінің шығыс және оңтүстігі жағында, сондай-ақ кеуіп қалған теңіз табанында кездеседі. Бұрын олар Сырдария аңғарында және Ферғана жазығының жазық бөлігінде де тіршілік еткен.

2016 жылғы мәлімет бойынша, трансшекаралық үстірт киіктерінің жалпы саны – 1 900 бас. Ал Арал маңы мен бұрынғы теңіз түбіндегі тұрақты топтардың саны – шамамен 200 бас.

Еске сала кетейік, бұған дейін 1 500 бас қазақ киігі Қытайға жіберілетіні хабарланған еді. Сонымен қатар, Қазақстанмен шекаралас Ресейдің Саратов облысына шамамен 1 миллион киік көшіп барған. Ол жақта олардың бір бөлігін ату жоспарланып отыр.

Ұқсас жазбалар

Тоқаев Пәкістанға сапарлады: Президент ұшағын әскери жойғыштар алып жүрді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанға мемлекеттік сапармен барды. Мемлекет басшысының ұшағын елдің әскери-әуе күштері құрметпен қарсы…

Испания 16-ға толмағандар үшін әлеуметтік желіні жабады: Платформа басшылары жеке жауапқа тартылады

Испанияда 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салынады. Үкімет кәмелетке толмағандарды қорғауға бағытталған…

Weather station nestled in the lush mountains of Hatay, Türkiye, under a clear sky.

Қазгидромет ескертеді: Астанада қақаған аяз, Алматыда көктем, Шымкентте жаз

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. Астанада аяз күшейіп, бұрқасын соқса, Шымкентте…