Астанадағы жалғыз соғыс ардагеріне әскерилер құрмет көрсетті

«Ардагерлерге тағзым» акциясы аясында Құрлық әскерлері бас қолбасшысы басқармасының әскери қызметшілері Астанадағы жалғыз Ұлы Отан соғысы ардагеріне құрмет көрсетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Әскерилер ардагердің үйіне барып, оның денсаулығы мен тұрмыс жағдайына қызықты. Олар ардагерге алғыс айтып, сыйлықтар табыстады.

«Біз үшін бұл – үлкен мәртебе. Ардагерлеріміздің ерлігін ұмытпау – біздің парызымыз», – деді әскерилердің бірі.

Шара барысында әскерилер ардагерге күнделікті тұрмыста қажетті заттар мен азық-түлік жиынтығын сыйлады. Ардагер өз кезегінде жастарға Отанды сүюге және еліне адал қызмет етуге шақырды.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда Вице-президент лауазымы енгізіледі – Президент заңға қол қойды

Мемлекет басшысы 2026 жылдың 15 наурызында қабылданған Конституция ережелерін іске асыру үшін конституциялық заңдарға қол…

Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен келді

Мемлекет басшысы театрдың дамуы ел мәдениетінің деңгейін көрсететін маңызды көрсеткіш екенін атап өтті.

Астанада 2030 жылға дейін 197 апатты үйдің мәселесі шешіледі

Астана мәслихаты тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасын бекітті. 2030 жылға дейін 197 апатты үйдің мәселесі шешіледі.