Categories Жайық news

Қазақ профессоры Корея тәжірибесімен бөлісті: Неге біз әлі дамымағанымызды түсіндірді

Оңтүстік Корея университетінде профессор болып қызмет істейтін, бұрынғы дипломат Дулат Бакишев Қазақстанның неге бүгінге дейін дамымай келе жатқанын геосаяси тұрғыдан түсіндірді. Оның айтуынша, бұл мәселе экономикалық жүйеден гөрі үлкен халықаралық себептерге байланысты туындап отыр.

Бакишевтің пікірінше, халықтың тұрақты табысқа қол жеткізіп, денсаулығын сақтап, еңбек етуі — ел дамуының негізі. Бірақ оны жүзеге асыру үшін тыныштық пен тиімді нарық қажет. Ал Қазақстандағы қазіргі жағдай бұл талаптарға толық сәйкес емес.

Бұл туралы Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ғалымның сөзінше, көпшілік Оңтүстік Корея секілді елдердің даму үлгісін түгел түсінбей, үстірт пікірлермен шектеліп жатады. Мәселен, «Олар еңбекқор, ал біз жалқау екенбіз» немесе «Оларда дана саясаткерлер болған, бізде ондайлар болмаған» деген сияқты көзқарастар шындыққа жанаспайды. Мұндай үстірт тұжырымдар түпкі себептерді жауып, мәселенің тереңіне үңілуге жол бермейді.

Қазақстан неге өз жолын таба алмай отыр?

Профессордың айтуынша, ел дамуын тежеп тұрған басты екі кедергі бар: біріншісі — бізге бағыт көрсететін ілгері дамыған әріптес елдің болмауы, екіншісі — үлкен нарықтың жоқтығы.

«Жетекші елдердің өзі дамымайынша, олар Қазақстанды да өсуге жібермейді. Бұл олардың геосаяси мүддесіне қайшы. Бізді әлеуетімізден төмен ұстау — олардың ұлттық стратегиясының бір бөлігі», — дейді Бакишев.

Сондай-ақ, ол Еуразиялық Экономикалық Одақтың да дамуға емес, кіші мемлекеттерді басқаруға бағытталған геосаяси жоба екенін атап өтті. Мұндай бірлестіктердің мақсатында тең мүмкіндіктер емес, бақылау мен шектеулер басым.

Даму жолы неден басталады?

Бакишев Шығыс Азиядағы «жолбарыс» елдерінің тәжірибесін зерттей отырып, кез келген мемлекет үшін нақты даму кезеңдері бар екенін алға тартады. Кезең-кезеңімен құрылымдық және жүйелік мәселелерді шешу арқылы ел біртіндеп дамыған мемлекетке айналады.

«Бұл оңай жол емес, бірақ мүмкін. Тек алдымен геосаяси шындықтарды анық танып, өзімізге тиімді орта қалыптастыру қажет», — дейді ол.

Ұқсас жазбалар

Астанада Кенесары мен Сембинов көшелерінің қиылысы екі күнге жабылады

Астанада Кенесары мен Сембинов көшелерінің қиылысы екі күнге жабылады. Жөндеу жұмыстарына байланысты 6-7 маусым аралығында…

Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды

Журналист Қамбар Ахметтің мақаласынан кейін Әлихан ауылына баратын 45 шақырымдық жол жөнделетін болды. Аудан әкімі…

Жеткіліктілік шектерін көтеру қазақстандықтардың болашақ зейнетақысын қорғауға бағытталған

Қазақстанда зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану кезінде қолданылатын ең төменгі жеткіліктілік шектерінің параметрлері жаңартылды. Өзгерістер…