Астана-Щучинск автобанында апат: бір адам қаза тапты

Астана-Щучинск автобанында тағы бір қайғылы оқиға болды. Жол апаты салдарынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 23 қаңтар күні сағат 14:00 шамасында Астана-Щучинск тас жолының 12-шақырымында тіркелді. Жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысып, зардап шеккендер бар.

— Жол-көлік оқиғасы кезінде жеңіл көліктің жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, — деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді, оның жағдайы орташа ауыр деп бағалануда. Автобандағы апат себептері анықталып жатыр.

Ұқсас жазбалар

Сахара шөлінде жүк көлігі бұзылып, 49 адам қаза тапты

Сахара шөлінде, Нигердің солтүстігінде кем дегенде 49 адам шөлге шыдамай қайтыс болды. Олар мінген жүк…

Астанада екінші әуежайдың орны туралы ақпарат жалған болып шықты

Астана әкімдігі екінші әуежайдың орны туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды. Аталған аумақ қала шекарасына кірмейді,…

Астанада LRT-ның «Жібек жолы» станциясы ашылды

Астанада LRT-ның «Жібек жолы» станциясы жолаушылар үшін есігін ашты.