Categories Жайық news

“Самұрық-Қазына” басшысы Нұрлан Жақыпов үш жылда 800 миллион теңгеден астам табыс тапқан

“Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов соңғы үш жылдағы табысы туралы ақпарат жария етті. Ресми дерекке сүйенсек, ол 2022 жылдан бастап 2024 жылға дейінгі аралықта жалпы 805,9 миллион теңге табыс тапқан, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

2022 жылы Жақыпов 422,1 миллион теңге табыс көрген. 2023 жылы оның кірісі 186,5 миллион теңгеге төмендеген. Ал 2024 жылы ол 197,2 миллион теңге тапқан.

Сондай-ақ, қордың даму және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры – басқарма мүшесі Салтанат Сәтжан да өзінің жылдық табысын ашып көрсетті. Ол биыл 8,2 миллион теңге табыс тапқан.

Айта кетейік, “Самұрық-Қазынаның” Бейжіңдегі өкілдігінің басшысы Сәкен Мұратұлының жұбайы Гүлнұр Нүркеева да 2024 жылға арналған кірісін көрсеткен. Оның жылдық табысы – 96 миллион теңге.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…