Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов допинг дауына ілікті

Қазақстан ұлттық құрамасының тәжірибелі боксшысы Дулат Бекбауов допинг дауына тап болды. Бұл ақпаратты Халықаралық Олимпиада комитетіне қарасты Халықаралық тестілеу агенттігі (ITA) ресми түрде жариялады.

Агенттік мәліметіне сәйкес, спортшы соңғы 12 ай ішінде допинг-бақылау мамандарына өзінің нақты орналасқан жерін уақытылы және дұрыс көрсетпеген. Спортшылар үшін міндетті саналатын бұл тәртіп бұзушылық антидопинг ережелерін өрескел бұзу ретінде бағаланады.

Осыған байланысты ITA Дулат Бекбауовты екі жылға спорттан шеттету туралы шешім қабылдады. Дисквалификация 2025 жылғы 18 қарашадан басталып, 2027 жылдың 17 қарашасына дейін жалғасады.

Бұл жазаның тек әуесқой боксқа қатысты екенін айта кету керек.

Ұқсас жазбалар

Мәтіннің 84 пайызы өзгерді: Жаңа Ата Заң жобасы көпшілікке жария болды

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасын жариялады. Бұл құжат азаматтардан, саяси…

Конституцияға өзгеріс: Елде арнайы мәртебелі қалалар пайда болуы мүмкін

Конституциялық комиссия елімізде Алатау сияқты қаржы саласында ерекше құқықтық режимі бар қалалар құруды ұсынды. Бұл…

Данияр Әшімбаев: «Жақсы атақ» пен сыннан қорғау лауазыммен бірге берілмейді

Саясаттанушы Данияр Әшімбаев азаматтардың абыройын қорғау туралы норма шенеуніктер мен ірі бизнеске арналғанын мәлімдеді.