Categories Жайық news

Оралда Тайманов көшесі жөндеуден өтуде

 

Орал қаласында жол инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары қарқын алуда. Қазіргі таңда Тайманов көшесінде жөндеу жұмыстары басталып, асфальт төсеуге дайындық жүріп жатыр.

Биылғы маусымда осы ауданға қарасты Ғұмар Қараш және Савичев көшелерінде реконструкция жасалуда.

  • Ғ.Қараш көшесі – Назарбаев даңғылынан Исатай-Махамбет көшесіне дейінгі 1,1 шақырымды қамтиды.
  • Савичев көшесі – Лермонтов көшесінен Безымянный көшесіне дейінгі 1,3 шақырым аралықта жөнделуде.

Бұл көшелерде бұған дейін асфальт төселмеген болатын. Жөндеу жұмыстары барысында қаражат үнемделіп, сол қаржы есебінен жолы қанағаттанарлықсыз жағдайда болған Тайманов көшесін де жөндеу туралы шешім қабылданды.

Аталған көше Некрасов көшесінен Дина Нұрпейісова көшесіне дейінгі аралықта, жалпы 1,2 шақырымды құрайды.

Жаңа жолдар тұрғындардың күнделікті қозғалысын жеңілдетіп қана қоймай, қаланың келбетін де айтарлықтай жақсартпақ.

Ұқсас жазбалар

Менің Оралым

Батыс Қазақстанның жүрегінде орналасқан Орал қаласы – тарих пен заманауи өркениет тоғысқан ерекше мекен. Еуропа…

Оралдың жылу жүйесі жаңарды

Қаланың инфрақұрылымдық жүрегі – жылу жүйесі. Әкім Мұрат Байменовтың айтуынша, соңғы жылдары бұл салада ауқымды…

Оралда жаңа мектептер салынып, білім инфрақұрылымы жаңарып келеді

Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов халық санының өсуіне байланысты жаңа мектептер салудың маңыздылығын атап өтті.…