Categories Жайық news

«Балалар бірінен соң бірі өліп жатыр»: Бангладеште қауіпті індет өршіді

Бангладеште қызылша індеті өршіп, соңғы бір айда 100-ден астам бала қайтыс болды. Үкімет елде шұғыл вакциналау науқанын бастады, себебі наурыздың ортасынан бері 7500-ден астам адам дертке шалдыққан, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда алаңдатарлық жағдайды көрсетіп отыр. Мәселен, былтыр бүкіл жыл ішінде небәрі 125 жағдай ғана тіркелген еді.

Ауру жұқтырғандардың үштен бірі – жоспарлы екпе салынбайтын 9 айға толмаған сәбилер болып отыр.

ЮНИСЕФ бұл дағдарысты 2020 жылдан бері пандемия мен елдегі саяси тұрақсыздыққа байланысты жаппай вакциналау науқандарының тоқтап қалуымен байланыстырады.

Сонымен қатар, бұрынғы уақытша үкімет кезінде дәрі-дәрмекті сатып алу жүйесіндегі қателіктер салдарынан препарат тапшылығы туындағаны да белгілі болды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…