Categories Әлем

Трамп «Бостандық» жобасын жариялады: Ормұздағы кемелерге жол ашылады

АҚШ президенті Дональд Трамп Ормұз бұғазында бөгеліп қалған кемелерді шығару үшін «Бостандық» жобасын іске қосатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Трамптың айтуынша, жоба кеме қозғалысын қалпына келтіріп, аймақтағы сауда жолдарын ашуға бағытталған. Ормұз бұғазы – әлемдегі мұнай тасымалының негізгі өткелдерінің бірі.

«Біз бұғазда қамалып қалған кемелерді босатып, халықаралық сауданы қорғаймыз. «Бостандық» жобасы – осы мақсаттың бастамасы», – деді Трамп.

Жоба аясында АҚШ әскери-теңіз күштері мен одақтастары бірлесіп жұмыс істейтін болады. Қазіргі уақытта бұғазда бірнеше коммерциялық кеме бөгеліп қалған, олардың нақты саны әлі жарияланған жоқ.

Ұқсас жазбалар

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы эбола вирусымен күресу үшін 518 миллион доллар бөлді.

Ресей мен Украина 185-185 форматы бойынша тұтқын алмасты

Ресей мен Украина 185-185 форматы бойынша тұтқын алмасқан. Келісімге Біріккен Араб Әмірліктері арағайын болған.

Азов теңізіндегі дрон шабуылынан бес Әзербайжан азаматы қаза тапты

Азов теңізінде жүк кемелеріне жасалған дрон шабуылынан бес Әзербайжан азаматы қаза тауып, тағы үш адам…