Categories Әлем

АҚШ-та бизнес-джет тас жолға құлап, бір адам қаза тапты

Сурет: istockphoto.com

АҚШ-тың Техас штатындағы Ларедо қаласында бизнес-джет тас жолға құлап, өртеніп кетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Associated Press мәліметінше, NetJets компаниясы пайдаланған Cessna Citation Latitude ұшағында алты адам болған. Олардың біреуі қаза тауып, қалған бесеуі ауруханаға жеткізілді.

Әуе апаты Ларедо халықаралық әуежайының маңында болған. Полицияның мәліметінше, апатқа аз уақыт қалғанда диспетчерлер ұшақта техникалық ақау пайда болғаны туралы хабар алған. Осыдан кейін әуе кемесімен байланыс үзілген. Көп ұзамай ұшақ Loop 20 тас жолына құлаған.

Оқиға орнынан түсірілген кадрларда куәгерлер мен құтқарушылардың жанып жатқан ұшақтан адамдарды шығаруға көмектесіп жатқаны көрінеді. Өтіп бара жатқан адамдар кабина терезесін балғамен және күрекпен сындыруға әрекет жасаған. Куәгерлердің айтуынша, бірнеше адам, оның ішінде жасөспірімдер мен экипаж мүшесі ұшақтан шығып үлгерген.

Құлау кезінде ұшақтың бір бөлігі тас жолмен келе жатқан автокөлікке тиген. Көліктегі адамдар аман қалып, олар да ауруханаға жеткізілген. Құтқару жұмыстарына қатысқан бес полиция қызметкері түтіннен уланып, ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер олардың жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.

Апаттан кейін Loop 20 тас жолындағы қозғалыс екі бағытта да уақытша тоқтатылды. Мамандар ұшақ сынықтарын жинап, төгілген авиациялық отынның салдарын жою жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оқиғаның нақты себебін АҚШ-тың National Transportation Safety Board анықтап жатыр.

Ұқсас жазбалар

ІІМ: 2024 жылдың алты айында 7 тоннадан астам есірткі тәркіленді

ІІМ биылғы алты айда 7 тоннадан астам есірткі тәркіленгенін, 15 зертхана мен 6 қылмыстық топтың…

Қытайдағы қазақ дәрігер «1 шілде» орденімен марапатталды

Бейжіңде Қытай Коммунистік партиясының 105 жылдығына арналған салтанатты шарада қазақ дәрігер Оқас Сүлеймен «1 шілде»…

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тапты

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тауып, жеті адам хабарсыз кетті. Тасқын Аккра мен бірнеше…