Categories Қоғам

Лудоманияға қарсы ғылыми күш: Жетісуда зерттеу орталығы ашылды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстанда лудомания мәселесін ғылыми тұрғыдан зерттеу қолға алынды. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде арнайы зерттеу орталығы ашылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен өткен іс-шарада отандық ғалымдардың лудоманияға қарсы күрес жөніндегі ғылыми еңбектері таныстырылды. Зерттеу орталығы құмар ойынға тәуелділіктің әлеуметтік себептерін анықтап, алдын алу шараларын әзірлемек.

«Лудомания – бүкіл қоғамға қауіп төндіретін дерт. Біздің міндетіміз – ғылыми негізделген шешімдер ұсыну», – деді университет өкілі.

Мамандардың айтуынша, жаңа орталық тәуелділікпен күресудің тиімді әдістерін әзірлеп, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Қазірдің өзінде бірнеше зерттеу жобасы басталып кеткен.

Ұқсас жазбалар

Семсерлесуші Ирина Бакалдина Азия чемпионатында алтын алды

Қазақстандық семсерлесуші Ирина Бакалдина Үндістанның Дели қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Астанадағы А. Бараев пен Ш. Уәлиханов көшелерінің қиылысы уақытша жабылады

Астанада орташа жол жөндеу жұмыстарына байланысты А. Бараев пен Ш. Уәлиханов көшелерінің қиылысында қозғалыс уақытша…

Швеция мектептері қағаз оқулықтарға қайта оралуда

Швеция мектептері қағаз оқулықтарға қайта оралуда. Ғалымдардың ескертуінен кейін билік білім беру саясатын түзетіп, баспа…