Categories Жайық news

Қазақстанда зейнетақыны емделуге жұмсау уақытша тоқтатылды: Банк себебін түсіндірді

Қазақстанда зейнетақы жинағының бір бөлігін медициналық қызметтерге жұмсау мүмкіндігі уақытша тоқтатылды. 12 қаңтар сағат 19:00-ден бастап «Отбасы банк» тиісті өтінімдерді қабылдауды доғарды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Банк өкілдерінің хабарлауынша, бұл шешім Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп қабылданған. Қазіргі уақытта екі мекеме зейнетақы төлемдерін пайдалану талаптарын қайта қарастырып жатыр.

Негізгі мақсат – зейнетақы ақшасын заңсыз жолмен қолма-қол ақшаға айналдыру және оны мақсатсыз жұмсау әрекеттерінің жолын кесу.

«Отбасы банк» барлық ереже жаңартылып, ақпараттық жүйелер толық интеграцияланғаннан кейін өтінім қабылдау қайта жанданатынын мәлімдеді. Нақты мерзімі қосымша хабарланады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Астанада автобус аялдамасы өртеніп кетті

Астанада автобус аялдамасы өртеніп кетті. ТЖМ мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнына 4 минутта жетіп, өртті…

Маңғыстаулық әйел балабақшада ұлының жарақат алуына байланысты әділ тергеуді талап етеді

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының тұрғыны Жанар Көмекбаева мемлекеттік балабақшада ұлының ауыр жарақат алып, мүгедек болып…

Каспий теңізінде ағыс алып кеткен екі адам құтқарылды

Каспий теңізінде демалып жүрген екі ер адамды қатты ағыс ашық теңізге қарай алып кеткен. Олар…