Categories Жайық news

Шайдоров жүлдеге таласады: Италиядағы Олимпиадада қазақстандықтар қатысатын жарыстар кестесі

13 ақпанда Италияда өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар бірнеше спорт түрінен сынға түседі. Бұл күні жанкүйерлер әсіресе мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың еркін бағдарламадағы өнеріне үміт артып отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Жарыстарды Qazsport, Qazaqstan, Jibek Joly және «Хабар» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі (Астана уақытымен):

15:45 – Шаңғы жарысы, жекелей сын (ерлер). Қазақстан намысын Әмірғали Мұратбеков, Виталий Пухкало, Наиль Башмаков қорғайды.

18:00 – Биатлон, спринт (ерлер). Бұл сында Владислав Киреев пен Әсет Дүйсенов бақ сынайды.

23:00 – Мәнерлеп сырғанау, еркін бағдарлама (ерлер). Михаил Шайдоров шешуші өнерін көрсетеді.

Қазіргі уақытта Олимпиаданың жалпы медаль кестесінде Норвегия көш бастап тұр. Олардың қоржынында 14 медаль бар, оның жетеуі – алтын. Екінші орында 17 медаль (6 алтын) еншілеген Италия құрамасы, ал үздік үштікті АҚШ (14 медаль, 4 алтын) түйіндеп тұр.

Осы уақытқа дейін қазақстандық спортшылар арасындағы ең үздік нәтижені конькиші Надежда Морозова көрсетті. Ол 3000 метрге жарысуда алтыншы орынға ие болды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Батыс Қазақстан облысында Домбыра күні аясында 100-ден астам іс-шара өтті

Шілде айының алғашқы жексенбісінде Батыс Қазақстан облысы бүкіл елмен бірге Ұлттық домбыра күнін атап өтуде.…

БҚО-да қызметтік міндетін атқару кезінде екі полицей жол апатынан қаза тапты

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық полиция бөлімінің екі қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде жол апатынан…

Байқоңыр тұрғыны үш жасар ұлына санавиация жіберуді сұрайды

Байқоңыр тұрғыны үш жасар ұлын санитарлық авиациямен тасымалдауға көмек сұрап, үндеу жариялады. Бала бесінші қабаттан…