МҰРАТБЕК МҰХАМБЕДИЕВ: “ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІНДЕ” ЖАҢАЛЫҚ КӨП

Кеше Батыс Қазақстан облыстық “Бәйге” федерациясының жаңадан сайланған Президенті Мұратбек Мұхамбедиев алғашқы ресми отырысын өткізді.
Жиынға аудандардан келген өкілдер мен федерацияның жаңа мүшелері қатысты. Басқосуда федерация құрамындағы бірқатар өзгерістер таныстырылды: төрешілер алқасы жаңартылып, жаңа басшылық құрылымы бекітілді.
Федерация Президенті Мұратбек Қайырсапаұлының ұсынысымен осыған дейін Президент қызметін атқарған Сатқали Байзуллин вице-президент болып тағайындалды. Сонымен қатар, вице-президенттер қатарында Қуантай Шарипов пен Асыланбек Рахметов бар. Бас жаттықтырушы – Ақылбек Ищанов, бас хатшы – Нұржан Мағзомов өз қызметтерін жалғастырады.
Отырыста алдағы уақытта ұйымдастырылатын бәйге жарыстары мен дайындық жұмыстары пысықталды. Мұратбек Мұхамбедиевтің айтуынша, жаз айларының соңынан бастап Орал өңірінде дүлдүлдер дүбірі қайта жанданады. Бүгінде Сырым, Шыңғырлау, Теректі, Бөрлі және Қаратөбе аудандары бәйге өткізуге ұсыныс білдірген.
12 қыркүйек күні Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен, қалалық әкімдіктің ұйымдастыруымен Орал қаласында “Жайық жүйрігі – 2025” атты облыстық ашық чемпионат өтеді. Жаңа Президент дәстүрлі бәйгенің биылғы ерекшеліктерімен таныстырды:
— Биылғы “Жайық жүйрігі” аламан бәйгесінде бірінші жүлдеге – пәтер тігіледі.
— Сонымен қатар, ұшқыр бәйгеден де жарыс өтеді. Дубай аренасын дүбірлеткен Кабирхан сынды жүйріктердің әріптестері оралдық көрермендерге таныстырылады.
– Бәйгелер федерация жарғысына сай, қатаң тәртіппен өтуі тиіс. Төрешілерге артылар жүк ауыр, – деді Мұратбек Қайырсапаұлы.
Жиында аудандарда арнайы бәйге үйірмелерін ашу мәселесі де көтерілді.
Ресми отырыстан кейін дастархан жайылып, жаңа құрам мен бұрынғы мүшелер әріптестік байланыстарды одан әрі нығайту жайын талқылады. Жиынға бәйге жанашырлары да шақырылды.
@bqo_baige_federation

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда Вице-президент лауазымы енгізіледі – Президент заңға қол қойды

Мемлекет басшысы 2026 жылдың 15 наурызында қабылданған Конституция ережелерін іске асыру үшін конституциялық заңдарға қол…

Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен келді

Мемлекет басшысы театрдың дамуы ел мәдениетінің деңгейін көрсететін маңызды көрсеткіш екенін атап өтті.

Астанада 2030 жылға дейін 197 апатты үйдің мәселесі шешіледі

Астана мәслихаты тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасын бекітті. 2030 жылға дейін 197 апатты үйдің мәселесі шешіледі.