Астанада жұмыс кезінде теміржолшы қаза тауып, артында жеті баласы қалды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Астанада 43 жастағы электромеханик жоғары кернеулі токқа түсіп, қаза тапты. Марқұмның жұбайы мен жеті баласы қалған. Алдын ала мәлімет бойынша, жазатайым жағдай Астанадағы ЭЧЭ-16 тартқыш қосалқы стансасында болған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қызметкер байланыс желісінің фидер ұяшығында жұмыс істеп жатқан кезде жоғары кернеудің әсеріне ұшыраған.

Қайғылы жағдайды «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы растады. Компанияның хабарлауынша, оқиға 14 маусым күні болған.

«Аталған дерек бойынша белгіленген тәртіппен тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы мен себептері арнайы комиссияның қорытындысынан кейін белгілі болады. Тергеу аяқталғанға дейін қандай да бір қорытынды жасауға ерте», — деп мәлімдеді ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

ҚТЖ өкілдері тергеу жұмыстарына жан-жақты қолдау көрсетіліп жатқанын айтып, марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Ұқсас жазбалар

Астанада 85 жылдағы ең ыстық күн тіркелді

23 маусымда Астанада ауа температурасы рекордтық деңгейге көтеріліп, соңғы 85 жыл ішіндегі ең жоғары көрсеткішке…

Астанада екі лифтіні бүлдірген ер адам ұсталды

Астанада полиция тұрғын үй кешендерінің бірінде екі лифтіні бүлдірген 34 жастағы ер адамды ұстады. Оқиға…

Денсаулық сақтау министрлігі Ербаян Мұхтардың өлімінің себебін атады

Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық ұланның бұрынғы әскери қызметшісі Ербаян Мұхтардың қайтыс болуына байланысты оның отбасы…