Сырым ауданында Қадыр Мырза Әлінің 90 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар өтеді

20 қыркүйекте Сырым ауданында қазақтың Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Қадыр Мырза Әлінің 90 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар өтеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов мәлімдеді.
Әкімнің айтуынша, мерекелік бағдарлама Сырым батыр мен Қадыр Мырза Әлі ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталады. Орталық кітапханада «Қадыр әлемі – руханият белгісі» атты әдеби-рухани зал ашылып, ақын атындағы мектеп ауласында муралдың тұсаукесері өтеді.
Тойтөбе алаңында аламан, топ және құнан бәйге, қазақ күресі мен арқан тарту сайыстары ұйымдастырылады. Сондай-ақ аудандық мәдениет үйінде Нартай Сауданбекұлының «Қадыр-Адам» драма-реквиемі сахналанады. Кешкісін орталық алаңда Еркебұлан Құмаров пен Әлішер Қонысбаевтың концерті өтпек.
Барша тұрғындар мен қонақтар мерейтойлық шараларға қатысуға шақырылады.
ӨКҚ — Ақпарат

Ұқсас жазбалар

Түркістан облысында үш ағайынды ақыл-есі кем туысын зорлағаны үшін сотталды

Түркістан облысында өз туысын қорлаған екі ағайындыға сот үкімі шықты. Оларға бірнеше бап бойынша айып…

«Шындықты айтқаным үшін сотқа берді»: Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев мәлімдеме жасады

Aктриса Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев желіде экс-әйеліне қатысты мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, Бадықова…

«Келінжан» сериалының Қылышбегі Дариға Бадықованы қызғанатынын жасырмады

Танымал актер Рүстем Жаныаманов, «Келінжан» телехикаясында Қылышбек рөлін сомдаған, әріптесі Дариға Бадықоваға қатысты қызықты мәлімдеме…