Categories Саясат

Қырғыз экс-шенеунігі Ниязов түрмеден шықты: Жапаров кешірім жасады

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров бұрынғы президент әкімшілігінің басшысы Фарид Ниязовты кешіріммен босату туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ниязов бұған дейін сыбайлас жемқорлық ісі бойынша сотталып, 10 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Алайда ол жазасының бес жылын өтеп үлгерген.

«Мемлекет басшысы гуманизм қағидатын басшылыққа алып, Ниязовтың өтінішін қанағаттандырды», – делінген президент әкімшілігінің хабарламасында.

Фарид Ниязов Қырғызстанның бұрынғы президенті Сооронбай Жээнбеков тұсында әкімшілік басшысы қызметін атқарған. Оның ісі кезінде қоғамда кең резонанс тудырған.

Ұқсас жазбалар

Ым-ишара тіліне мемлекеттік мәртебе беру ұсынылды

Respublica партиясы ым-ишара тілінің мәртебесін заң жүзінде бекітуді ұсынды. Депутат Екатерина Смолякова білім, құқық қорғау…

Қайталанған сталкинг үшін бас бостандығынан айыру жазасы енгізіледі

Ішкі істер министрлігі сталкинг жасағаны үшін сотталған адамның жәбірленушіні қайтадан қудалаған жағдайларында жазаны қатаңдатуды ұсынып…

Министр Михаил Шайдоровпен жасалған келісімшарт туралы айтты

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровпен жасалған келісімшарттың стандартты үлгіде екенін…