Непалда әлеуметтік желілерді бұғаттауға қарсы наразылықта 19 адам қаза тапты

Непалда әлеуметтік желілерді бұғаттауға қарсы наразылықта 19 адам қаза тапты

Непалда бірқатар әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің бұғатталуына байланысты халық көшеге шығып, жаппай наразылық акцияларын өткізді. Алайда тәртіпсіздік кезінде кемінде 19 адам қаза тапқаны хабарланды. Бұл туралы Reuters агенттігіне сілтеме жасап «Азаттық» жазды.

Белгілі болғандай, ел аумағында барлығы 26 әлеуметтік желі мен платформаға тыйым салынған. Олардың қатарында YouTube, Facebook, WhatsApp, Instagram және X (бұрынғы Twitter) бар.

Ресми мәліметке сүйенсек, шектеу 4 қыркүйектен бастап күшіне енген. Биліктің түсіндіруінше, аталған платформалар Непалдағы Байланыс және ақпараттық технологиялар министрлігінде ресми тіркеуден өтпеген.

Әлеуметтік желілерді бұғаттау елде үлкен наразылық туғызып, адамдардың сөз бостандығына шектеу қойылды деген пікір кең тарады.

Ұқсас жазбалар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Астана — егемен еліміздің жүрегі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана күніне арналған құттықтауында елорданы егемен еліміздің жүрегі деп атады.

Үлкен Алматы каналы кешенді реконструкциядан өтеді

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Алматы облысына жұмыс сапарымен барып, ірі су шаруашылығы…

Астана күнінде 60 қосымша автобус жолаушыларға қызмет көрсетеді

6 шілде күні Астанада өтетін Open Air концертінен кейін тұрғындар мен қала қонақтары үшін 60…