Categories Әлем

Қазақстандық ҰБТ сертификаты Малайзияда ресми танылды: енді оқуға түсу оңай

Қазақстандық талапкерлер енді Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) сертификатымен Малайзияның жоғары оқу орындарына түсе алады. Бұл – білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңызды қадамы, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Малайзияның білім министрлігі ҰБТ сертификатын ресми түрде мойындады. Енді қазақстандық түлектер Малайзия университеттеріне құжат тапсырғанда қосымша емтихан тапсырудың қажеті жоқ.

«Бұл шешім қазақстандық білім жүйесінің халықаралық деңгейде мойындалуына жол ашады. Енді талапкерлерімізге шетелде оқу оңайырақ болады», – деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілі.

Қазіргі уақытта ҰБТ сертификатын қабылдайтын Малайзия университеттерінің тізімі жасалып жатыр. Бұл тізім жақын арада жарияланбақ.

Ұқсас жазбалар

ІІМ: 2024 жылдың алты айында 7 тоннадан астам есірткі тәркіленді

ІІМ биылғы алты айда 7 тоннадан астам есірткі тәркіленгенін, 15 зертхана мен 6 қылмыстық топтың…

Қытайдағы қазақ дәрігер «1 шілде» орденімен марапатталды

Бейжіңде Қытай Коммунистік партиясының 105 жылдығына арналған салтанатты шарада қазақ дәрігер Оқас Сүлеймен «1 шілде»…

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тапты

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тауып, жеті адам хабарсыз кетті. Тасқын Аккра мен бірнеше…