Categories Жайық news

Атырауда жұмбақ жағдайда жоғалған отбасы: ата-анасының мәйіті табылды

Атырауда жұмбақ жағдайда жоғалған отбасы: ата-анасының мәйіті табылды

Атырау облыстық ПД

Атырау облысының полициясы Қызылқоға ауданында бұрын хабар-ошарсыз кеткен ерлі-зайыптының мәйіттері табылғанын ресми түрде растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Полицияның мәліметінше, 1959 жылы туған Мақсот Қарабалин мен оның жұбайы 1961 жылы туған Насипа Өтешқалиеваның денелері табылып, оқиға орнында құқық қорғау органдары мен жедел қызмет өкілдері тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

«Аталған дерек бойынша адам өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің жеке басы анықталды және оларды ұстау бойынша шаралар жүргізілуде», – делінген ресми хабарламада.

Жергілікті басылымдардың дерегінше, ерлі-зайыптылардвң денелері шаруашылық мақсаттағы құрылыс ауласында көмілген. Дегенмен, бұл ақпаратты құзырлы орган әзірге растамады.

Ұқсас жазбалар

Каспий теңізінде ағыс алып кеткен екі адам құтқарылды

Каспий теңізінде демалып жүрген екі ер адамды қатты ағыс ашық теңізге қарай алып кеткен. Олар…

Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті 

Бөкей хандығының 225 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар аясында Бөкей Ордасы ауданының Хан ордасы ауылында «Bokei…

Астанада мешітте намаз оқып тұрған ер адамның телефоны ұрланды

Астанадағы мешітте намаз оқып жатқан ер адамның iPhone 13 ұялы телефоны ұрланды. Полиция күдіктіні ұстады.