Categories Жайық news

Жол ережесін жиі бұзатын жүргізушілер 50% жеңілдіктен айырылуы мүмкін

Қазақстанда жол жүру ережесін жүйелі түрде бұзатын жүргізушілер үшін айыппұлды 50% жеңілдікпен төлеу мүмкіндігін алып тастау ұсынылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұл бастаманы сенатор Марат Қожаев тағы да көтерді. Депутаттың айтуынша, қазіргі ереже бойынша жүргізушілер айыппұлды жеті күн ішінде төлесе, оның тек жартысын ғана өтей алады. Ол біртектес қателікті үнемі қайталайтын жүргізушілер үшін осы норманы жоюды ұсынды.

«Мен жылына бір типтес жол ережесін 10-нан астам рет бұзатындарды осы артықшылықтан айыруды ұсындым. Олар бір жыл ішінде 10-шы құқық бұзушылықтан кейін 11-ші, 12-ші, 13-ші рет айыппұлдың толық сомасын төлеуі керек», – деді Қожаев Сенат кулуарында.

Сенатор бұл ұсынысты бұған дейін де жасағанын еске салды. Сол кезде ол бір жүргізушінің бір жылда 143 рет жол ережесін бұзғанын мысалға келтірген. Көлік иесі 3 миллион теңгеден астам айыппұл төлеген. Үкімет бұл идеяны қарастырып, қолдау білдірген.

«Бізде заңдар топтамамен қабылданады. Әкімшілік заңнамаға келесі өзгерістер енгізілгенде, осы түзетулерді енгізуге бастамашы боламын деп ойлаймын», – деп қорытындылады депутат.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ: BATYS AGROHUB ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ – БАРЛЫҚ АУДАНҒА ҮЛГІ БОЛАРЛЫҚ БЕРЕКЕЛІ БАСТАМА

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Бөрлі ауданына жұмыс сапары аясында Пугачево ауылындағы агробизнес орталығына барды. Batys…

АҚСАЙ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Ақсай қаласында толық жаңғыртылған «Қазақстан» теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нариман…

БҚО-ДА СЕМИГЛАВЫЙ МАР СТАНЦИЯСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Батыс Қазақстан облысындағы ең көне вокзал ғимараты сүріліп, жаңадан салынды. Тасқала ауданындағы Семиглавый Мар станциясының…